Ақпаратқа сәйкес, бүгін жергілікті уақыт бойынша сағат 9 шамасында Красный Кордон ауданындағы темір жол үстінен өтетін жолда ВАЗ -2108 автокөлігінің жүргізушісі семафордың қызыл жарығына қарамастан жолды кесіп өтпек болған кезде өтіп бара жатқан тепловозбен соқтығысты. «Автокөлікте жүргізушімен бірге тағы екі адам болған. Бір жолаушы сол жерде қаза тапты, жүргізуші мен екінші жолаушы ауыр халде ауруханаға жеткізілді»,- деді Е. Шәріпханов.
Семей темір жолы бөлігінің директоры Қажат Ыбраевтың айтуынша, апатқа автокөлік жүргізушісі кінәлі. «Осы темір жол үстінен өтетін жолда жуырда ғана тексеру жүргізілген, семафордың дыбыстық және сәулелі дабылдары қалыпта жұмыс істейді, тіпті «тоқта» деген белгі бар, жүргізуші қалай болғанда да жол ережесі бойынша тоқтауы қажет еді»,- деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті