9 қыркүйектен бастап автобустарда жол ақысы 20 теңгеден 25 теңгеге, ал бағдарлы таксилерде 30 теңгеден 35 теңгеге қымбаттайды.
Жолаушы тасымалын басқару орталығы директорының айтуынша, жол жүру бағасын 5 теңгеге көтеру туралы шешім тасымалдаушы мекеме басшыларымен өткен жиында қабылданды. «Бұрынғы тариф бойынша жұмыс істеу мүмкін емес екеніне бәрінің көзі жетті, егер біз жол ақысын көтермесек автобустардың қозғалысын құрдымға кетіреміз»,-деді М.Дәулетов. «Бүгінде жанар -жағармай бағасы шарықтап кетті, қосалқы бөлшектер қымбат, жолдар жүруге жарамсыз. Жүргізуші көлігін жөндеп жолға шыққанымен, тозығы жеткен жолдардан көлігі екі үш күннің ішінде қайтадан тоқтап қалады. Сондықтанда жол ақысын 5 теңгеге көтерсек, жүргізушілерге ең болмағанда жөндеу жұмыстарын жүргізуге жеңіл болады»,-деп атап өтті орталық директоры.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті