Семейде жылу ақысын төлеуден жалтарып жүрген қала тұрғыны абақтыға қамалды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде жылу ақысын төлеуден жалтарып жүрген қала тұрғыны абақтыға қамалды

Семейде жылу ақысын төлеуден жалтарып жүрген қала тұрғыны абақтыға қамалды

Семейде жылудың ақысын төлеуден жалтарып жүрген қала тұрғыны алғаш рет абақтыға қамалды. 10 жыл бойы коммуналдық қызметке бір тиын бермеген әйел енді 5 тәулік темір торда түнеп шығады.

  • 19 Қараша 2013
  • 198
Фото - Caravan.kz


51 жастағы қала тұрғыны бүгінге дейін жылуға 180 мың теңге берешек болып қалған. Бұған дейін бірнеше рет ісі сотта қаралыпты. Алайда сол күйі төлем жасамаған ол қатаң жазаламауды қанша өтінсе де, нәтиже шықпаған. Енді жұмыссыз әйел бар кінәсін мойындап, жақында қарыздың жартысын болса да өтеуге уәде берді. Ал коммуналдық мекеме мұнымен тоқтайтын түрі жоқ. Қазір қала бойынша қарыздың жалпы сомасы 300 млн теңгеге жуықтапты. Оны әртүлі амалмен қайтарып жатқандар бүгінгі сот шешімінің басқа борышкерлерге де әсер ететініне сенімді.