Тұтастай бір бетті алған ұзын-сонар тізімде төленбеген үлкен сома 100 мың теңгеден асады. Берешегі бар болғаны — 300 теңгеден асқандар да ілігіпті. Апта сайын шығатын басылым бетінен ойып тұрып орын алғандардың қатарында ұстаздар мен дәрігерлер бар. Ал прокуратура және ішкі істер басқармасы қызметкерлерінің аты- жөндерінен тіпті көз сүрінеді. Коммуналдық мекеменің мәлімдеуінше, семейліктердің жылу бойынша жалпы берешегі 380 млн. теңгені құрап отыр.
Жанна Шаймұратова, Семей қалалық тұрғынүй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі:
-Ең болмаса осыдан кейін адамдар ұялатын шығар. Таныстары, туыстары оқиды ғой. Қазір бізге осы тізімдегі кісілер хабарласып, тіпті қарыздарының бар екендігін білмейтіндерін айтып жатыр.