Семейде жылыту маусымы өткен жылдардағыдан ерте басталады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде жылыту маусымы өткен жылдардағыдан ерте басталады

Семейде жылыту маусымы өткен жылдардағыдан ерте басталады

Семей. 26 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Семейде жылыту маусымы өткен жылдардағыдан ерте, 1 қазанда басталады. Бұл туралы Семей қаласының әкімі Мейрамхат Айнабеков бүгін қалалық мәслихаттың сессиясы барысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 26 Қыркүйек 2008
  • 388
Фото - Caravan.kz

Қалалық әкімдіктің шешімімен биыл Семейде жылыту маусымы жылдағыдай 15 қазанда емес, 1 қазанда басталады. «1 қазаннан бастап біз жылу мен ыстық су бере бастаймыз. Бірақ, жөндеу жұмыстарын қыста да жүргізетін боламыз», -деді М. Айнабеков.

«Биыл жылу қамтамасыздығына қатысты ахуал биыл бұрынғы жылдарға қарағанда жақсы болады деп уәде бере аламын», — деді ол.

Қала басшысы биыл жылу көздері мен жылу желілерін жөндеу бойынша ауқымды жұмыстар тындырылғанын атап өтті. «Барлық қазандықтар жөнделді. Өткен қыста қиындықтар тудырған апатты жағдайдағы жылу трассаларында жөндеу жұмыстары жүргізілді», — деді әкім.

«Келесі жылы үкімет Семейге жылу қамтамасыздығы жүйесін жөндеуге 7 млрд теңге бөлуге уәде беріп отыр. Бізге арнап Бийскіде қазандықтар жасалды. Келесі жылы біз жаңа 1-ші ЖЭО саламыз. 30 — 50-ші жылдары шығарылған барлық ескі қазандықтар тасталады. Барлығы 100 вагон ескі қазандықтарды тасымалдап, олардың орнына жаңасын қоямыз. Семейдегі жылу қамтамасыздығына қатысты тауқыметтерді толық шешіп, күн тәртібінен шығару үшін бізге әлі де 1,5-2 жыл керек», — деді М. Айнабеков.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар