Семейдегі әскери бөлімге шабуыл жасау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейдегі әскери бөлімге шабуыл жасау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Семейдегі әскери бөлімге шабуыл жасау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Бүгін Семейдегі әскери бөлімге шабуыл жасау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алайда әскери нысанды тонамақ болған екі адам әлі ұсталмаған.

  • 12 Шiлде 2011
  • 433
Фото - Caravan.kz

Естеріңізге сала кетсек, 8 шілдеге қараған түні қаскөйлер инженер-саперлік бөлімшеге басып кіріп, қару-жарақты иемденбек болған-ды. Кезекші сарбаз шыға келгенде, алдымен соның мылтығын тартып алуға тырысқан. Бірақ жауынгер рация арқылы қызметтестерін шақырып үлгерді. Әскерилер жеткенше қарақшылар қашып кеткен. Осыған байланысты Семейге кірер-шығар жолдардағы полиция бөлімшелері күшейтілген түрде жұмыс істеуде. Тек белгілісі,әскери нысанға шабуыл жасағандардың біреуінің қолын күзетші жарақаттапты.   


Марат Енікеев
, Семей қалалық ІІД ақпарат бөлімінің инспекторы:

—  Әскери қызметкерінің автоматын аламын деген кезде, ол оның қолынан тістеп алған. Қазіргі таңда ҚР ҚК 255 бабы бойынша іс қозғалды: қару-жарақтарды, оқ дәрілерді, жарылғыш құрылғыларды ұрлау немесе бопсалау фактісі бойынша.

Соңғы жаңалықтар