Семейдегі балаларға арналған 3 бірдей саз мектебінің оқытушылары 2003-жылдың қазан айынан бері еңбекақыларын ала алмай отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейдегі балаларға арналған 3 бірдей саз мектебінің оқытушылары 2003-жылдың қазан айынан бері еңбекақыларын ала алмай отыр

Семейдегі балаларға арналған 3 бірдей саз мектебінің оқытушылары 2003-жылдың қазан айынан бері еңбекақыларын ала алмай отыр

Семейдегі балаларға арналған 3 бірдей саз мектебінің оқытушылары 2003-жылдың қазан айынан бері еңбекақыларын ала алмай отыр. "Мұндағы мұғалімдердің еңбекақыдан басқа кірісі жоқ. Жергілікті білім басқармасы өкілдерінің қарыз қаңтар айында өтеледі дегені бос уәде болды, бұл ай да аяқталуға жақын",-дейді №2- балалар саз мектебінің оқытушылары. Олардың айтуынша, қалалық оқу басқармасы саз мектептерін қаржыландырудан ғана емес, басқа да білім беру процесіне қатысты семинарлар мен конференциялардан да шет қалдырады. Осы жайға түсініктеме берген білім басқармасының орталықтандырылған бухгалтериясының жетекшісі Айгүл Құрманбаеваның айтуына қарағанда, саз мектептерінің қоныс аударуына байланысты оқытушылар жазғы демалыста жұмысқа тартылған. Бухгалтерия жетекшісінің айтуынша, сол айлардағы еңбекақылар мектеп басшыларының қателігінен дер кезінде есепке алынбай, білім басқармасымен келісілмей қалған.

  • 28 Қаңтар 2004
  • 584
Фото - Caravan.kz

Қазір еңбекақы үшін № 1-саз мектебіне 1 млн. 600 мың теңге, № 2- саз мектебіне 1 млн. 260 мың теңге, татар саз мектебіне 355 мың теңге

берешек қалыптасып отыр. Айгүл Құрманбаева 3 мектеп алдындағы 3 млн 200 мың теңге осы ай аяқталмай өтеледі деп сендірді. Жалпы Семей қаласындагы кәсіпорындар мен ұйымдар еңбекақы үшін 456,6 млн теңге қарыз.

Соңғы жаңалықтар