«Потенциалдық мүмкіндіктердің бар екеніне қарамастан, кейінгі жылдары қалада аурухана аясында дерт таралу оқиғасы байқалған жоқ, дегенмен, емдеу мекемелерінде түрлі жұқпалы аурулардың жекелей көрініс беру оқиғалары кездеседі»,- деді С.Базарбаев. Госпиталь эпидемиологы деген лауазым аурухана аясында жұқпалы аурулардың таралуына жол бермеу үшін енгізілді. «Біз тым құрыса ірі ауруханаларда осындай лауазымның енгізілуіне қол жеткіздік. Қазірде ауруханалардың 88 проценті біздің нұсқауымызға көнді. Ең бастысы, осындай ауруханалардың арасында барлық перзентханалар, сондай-ақ, ең ірі екі аурухана — жедел жәрдем ауруханасы мен облыстық аурухана бар»,- деді ол.
Госпиталь эпидемиологы аурухана ішіндегі тазалық және аспаптарды қайнатып зарарсыздандыру жұмыстарын қадағалауға тиіс. Олар әсіресе дезифекциялық құралдарды пайдалану жағдайын бақылауға алады. «Егер бұған дейін біз дезифекциялық құралдардан бір ғана хлорканы пайдаланып келсек, қазірде ауруханалар қазіргі заманғы тазарту құралдарымен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілген, олар ауруханаішілік жұқпалы аурулармен күресте расында да көмек бола алады. Госпиталь эпидемиологы әр аптада түрлі тазалық құралдарын пайдалану арқылы микроорганизмдердің бойы үйрену құбылысына жол бермеуге талпынуда»,- деді С.Базарбаев.
Оның айтуынша, госпиталь эпидемиологы лауазымы енгізілмеген ауруханаларда әзірге бұл міндет инфескциялық бақылаушы мейірбикелерге жүктелген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті