Семейдегі М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжге 100 жыл толды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейдегі М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжге 100 жыл толды

Семейдегі М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжге 100 жыл толды

Семейдегі М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжге 12-қыркүйекте 100 жыл толады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 26 Тамыз 2003
  • 4432
Фото - Caravan.kz

Колледж директоры Марат Мұхамеджановтың айтуынша, Семейдегі педагогикалық колледж еліміздегі ғана емес жалпы Орталық Азия аймағындағы маманды мұғалімдер дайындай бастаған тұңғыш білім ордасы. Ашылған кезде оқу ошағы Цесаревич мұрагері Алексей Николаевичтің есімімен аталған мұғалімдер семинариясы деген мәртебеге ие болса керек.

Педагогикалық колледж тарихы академик Қаныш Сәтпаев, профессор Әлкей Марғұлан, жазушы Әзілхан Нұршайықов, қазақ киносының негізін қалаушы Шәкен Айманов, КСРО Ғылым Академиясының тұңғыш корреспондент-мүшесі А.Сембаев сынды Қазақстан ғылымының дамуына өлшеусіз үлес қосқан танымал ғалымдар мен қоғам қайраткерлерінің есімімен тығыз сабақтас.
12-қыркүйекте Семейдегі М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжге 100 жыл толу мерейтойына арналған салтанатты шара өтеді. Оған білім ордасының әр жылдардағы түлектері, танымал ғылым және қоғам қайраткерлері, шығармашы зиялы қауым өкілдері қатысады деп күтілуде.
Мерейтойлық салтанатты шаралар аясында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Оған ҚР ғылым және білім министрі Жақсыбек Күлекеев қатысады.

Соңғы жаңалықтар