Семейдегі онкологиялық диспансердің жанынан маммология бөлімшесі ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.56
  • 478.03
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейдегі онкологиялық диспансердің жанынан маммология бөлімшесі ашылды

Семейдегі онкологиялық диспансердің жанынан маммология бөлімшесі ашылды

Семейдегі онкологиялық диспансердің жанынан маммология бөлімшесі ашылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне онкологиялық диспансердің бас дәрігері Марат Сандыбаев хабарлады.

  • 25 Ақпан 2004
  • 499
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, жаңа ашылған бөлімшеде әйелдің аналық мүшелерінің қатерлі ісігі мен қалқанша без дертіне шалдыққан жандарға кәсіби дәрігерлік көмек көрсетіледі. Бөлімше алдағы уақытта қазіргі заманғы диагностикалық құралдармен жабдықталады. М.Сандыбаевтың ақпаратына жүгінсек, бөлімшені ашуға арналған қаржы республикалық бюджеттен бөлінеді.

Бас дәрігердің айтуынша, соңғы 4 жылда Семей өңірінде әйелдер арасындағы онкологиялық аурулардан омыраудың қатерлі ісігі алдыңғы орынға шықты. Оның үстіне әйелдердің 50 проценттен астамы ауру әбден асқынған сәтте емдеу мекемесінің көмегіне жүгінетіндігі де жағдайды ушықтырып тұр.
М.Сандыбаевтың хабарлауынша, 2004-жылы радиологиялық бөлімшенің жаңа ғимараты салына бастайды. «Бөлімшенің бұрынғы ғимараты мен ондағы медициналық жабдықтардың ахуалы соңғы бірнеше жыл бойына біздің бас ауруымызға айналды»,- деді онкодиспансердің бас дәрігері. Оның айтуынша, республикалық бюджеттен аталмыш тауқыметті шешу үшін 100 млн. теңге көлеміндегі бірінші транш жуырда бөлінді. Бұдан кейінгі жылдарда тағы да 800 млн. теңге бөлінеді деп күтілуде. Жоба үш жылда жүзеге асырылуы тиіс.
М.Сандыбаевтың айтуынша, жоба табысты жүзеге асырылған жағдайда жаңа радиологиялық бөлімше сәулелік емдеуді қажет ететін алғашқы емделушілерін 2006-жылы қабылдай алады.
Семейдегі онкологиялық диспансер республиканың шығыс өңіріндегі ең ірі емдеу мекемелерінің санатында. Диспансерде ауруға диагноз қою, қатерлі ісік дертінің алдын алу және емдеу, сондай-ақ, осындай дертке шалдыққан науқастар тобын диспансерлік бақылауға алу шаралары жүзеге асырылады. 200 төсекке есептелген онкологиялық диспансерде жыл сайын 4 мыңнан астам науқас ем қабылдайды.

Соңғы жаңалықтар