Семейдегі ОВ 156/15 түзеу мекемесінде "Адамның өз-өзіне қол жұмсауының психологиялық-психиатриялық себептері" тақырыбында семинар өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейдегі ОВ 156/15 түзеу мекемесінде "Адамның өз-өзіне қол  жұмсауының психологиялық-психиатриялық себептері" тақырыбында семинар өтті

Семейдегі ОВ 156/15 түзеу мекемесінде "Адамның өз-өзіне қол жұмсауының психологиялық-психиатриялық себептері" тақырыбында семинар өтті

Семейдегі ОВ 156/15 түзеу мекемесінде "Адамның өз-өзіне қол жұмсауының психологиялық-психиатриялық себептері" тақырыбында семинар өтті. Бұл туралы Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық дәрігерлік қамтамасыздық басқармасының бөлім бастығы Марат Ақшүкіров хабарлады.

  • 17 Наурыз 2004
  • 716
Фото - Caravan.kz

Семинарға Шығыс Қазақстан облыстық Қылмыстық атқару жүйесінің қызметкерлері мен Семей мемлекеттік медициналық академиясының оқытушы-психологтары қатысты. М.Ақшүкіровтың айтуынша, Шығыс Қазақстан облысындағы абақтыларда қамаудағылардың өз өмірін өзі қию оқиғаларының саны арта түсті. 2003-жылы облыс бойынша 58 тұтқын қаза болған. «Бұл оқиғалардың басым бөлігінде адамдар түрлі аурудан емес, түрлі жарақаттар мен улану салдарынан, көбінесе өз-өзіне қол жұмсау салдарынан қайтыс болды. Сол себепті семинардың басты мақсаты — бас бостандығынан айрылғандардың өздерін өлімге душар ету себебіне тереңірек үңілу болып табылады»,- деді ол.

Семинар барысында мамандардың атап көрсеткеніндей, қамаудағыларды өз өмірін өзі қиюға түрмеге бейімделе алмауы итермелеп отыр. «Өлімге бел байлағандардың арасында бір емес, бірнеше мәрте жазасын өтеушілер де бар»,- деді М.Ақшүкіров.
Семинарға қатысушыларға қамаудағылардың өмірмен қоштасу мақсатында пайдаланған құралдары көрсетілді. Жинақ құрамында инеден бастап егеуге дейін сан алуан құралдар бар. М.Ақшүкіровтың айтуынша, өз-өзіне қол жұмсайтын тұтқындардың басым көпшілігі аз да болса ауруханада жатып шығу үшін осындай әрекетке барады. «Мәселен, ине жұтып қойған қамаудағы адам түрменің ауруханасында 40 тәуліктен 1 айға дейін жата алады»,- деді ол.
Семинар барысында қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері мен медицина мамандары қамаудағылардың өзін-өзі өлтіру оқиғасына жол бермеу үшін тараптардың күшін біріктіріп, әрбір тұтқынмен жеке жұмыс жүргізу қажет деген тұжырымға келді. Бірінші кезекте психологиялық көмек көрсетілуі тиіс, деді семинарға қатысушылар.

Соңғы жаңалықтар