М.Малабаевтың айтуынша, колония әкімшілігі бұл мешіттің ашылуын Астанада өткен әлемдік және дәстүрлі діндер құрылтайына орайластырған. Үш айға созылған құрылыс салу жұмыстарына тұтқындар қатысты. Мешіт құрылысын салу жұмысына басшылық жасаған Василий Попович есімді сотталған азаматқа жұмысты ойдағыдай атқарып шыққаны үшін Семейдің бас имамы Нұжан қажы Арыстанбекұлы сыйлыққа теледидар табыс етті. Сондай-ақ, мешітті салып бітіруге жергілікті кәсіпкерлер мен Семей орталық мешітінің діндарлары жәрдем жасады.
М.Малабевтың айтуынша, бұған дейін колонияда мұсылмандық парызды өтеуге арналған құлшылық бөлмесі болған, алайда , оған сопылыққа ниет білдіргендердің барлығы бірдей сыймады. Сондай-ақ, Малабаевтың хабарлауынша, бұл — өз қабырғасында толыққанды мешіт ашылған Қазақстандағы тұңғыш абақты болмақ.
Түрме тұтқындары алдағы уақытта мекеме аясында православиелік шіркеу де ашылса деген тілек білдіріп отыр. Басшылық бұл тілек те жерде қалмайды деп сендіреді. М.Малабаевтың айтуынша, ОВ-156/15 түзету мекемесінде 2 мың адам жазасын өтеуде. Олардың басым көпшілігі негізінен есірткі таратқаны үшін сотталғандар.