«Қашқын бүгін таңертең 4 сағатта Алматы облысындағы өз үйінде қолға түсті. Қазір оны Семей өңіріне жіберу мәселесі шешілуде».
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, қазанның 28-інен 29-ына қараған түні Жарма ауданының Солнечный ауылында орналасқан жалпы тәртіпті ОВ-156/18 абақтысында отырған тұтқын қашып кеткен. 22 жастағы қашқын осы жылдың тамыз айында қарақшылық шабуыл жасағаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айрылған болатын.
Қашқынның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің «бас бостандығынан айыру орындарынан, тұтқыннан немесе қамаудан қашу» жөніндегі 358-бабы, 1-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті