Семейдегі түзету мекемесінде мешіт салынуда - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейдегі түзету мекемесінде мешіт салынуда

Семейдегі түзету мекемесінде мешіт салынуда

СЕМЕЙ. 7-қыркүйек. Kazakhstan Today. Семейде 156/14 түзету мекемесінің аумағында мешіт салынуда. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне абақты бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Болат Асылғазиев хабарлады.

  • 7 Қыркүйек 2006
  • 332
Фото - Caravan.kz

Мешіт құрылысы былтыр басталған. Алайда, материал тапшылығына байланысты ғимарат құрылысы тоқтатылған болатын. «Қазір бүкіл материалдар мен кірпіштеріміз бар. Сол себепті құрылыс қайта жанданды. Ол жылдың аяғында аяқталады»,- деді Б.Асылғазиев.

«Мешіт салу туралы бастама көтерген — жазасын өтеушілер, құрылысты салып жатқан да солар»,- деді ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта