Күтпеген жағдай кейбір жүйелердің істен шығуына әкелді. Бұл туралы "Жылукоммунэнерго" МКК хабарлады, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
"15 желтоқсанда сағат 00:30-да ЖЭО-1-де отынмен қамтамасыз ету жүйесінің бірінші конвейерінде өрт шығып, отынмен қамтамасыз ету, мазут нысандарының қуат бергіштерінің істен шығуына әкеп соқты. Бұл жағдай салқындатқыш параметрлерінің төмендеуіне де әкелді", — деді "Жылукоммунэнерго" МКК өкілдері.
Мамандардың айтуынша, салқындату параметрлерінің төмендеуі қазандықтардағы жүктеменің төмендеуіне байланысты болған. Өрт салдарын жылумен жабдықтау ұйымы және "ОЭСК" АҚ бригадасы жойып жатыр.