Семейдің балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде өрт болды
20 қараша күні сағат 08:09-да, Семейдегі Қозыбағаров көшесінде орналасқан |
№ 2 балалар-жасөпірімдер спорт мектебінің спорт залында өрт болды. Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.
Жалынның таралуы сағат 08:58-де тоқтатылып, 09:15-те толығымен сөндірілді. Онымен күреске ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 32 адамы мен 8 техникасы жұмылдырылды. Жалын тілі 25 шаршы метр аумаққа тарады. 25 адам қауіпсіз жерге көшірілді, соның ішінде 15 бала бар. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін