Жарияланды: 350

Семейдің сол жағалауы биыл да жылумен толық қамтылмауы мүмкін

Семейде Ертіс өзенінің сол жағалауындағы жұрт биыл да жылумен толық қамтылмайтын түрі бар. Мұны қала әкімі де мойындады. Шаһар басшылығы енді Үкіметтен қаржылай көмек сұрап отыр.

Айбек Кәрімов, Семей қаласының әкімі:

- Бүгінде тек сол жағалаудың өзінде жылу желілерін алмастыру үшін 500 млн теңге керек. Құбырлардың көбі тозып кеткен. Аз ғана қысым берілгенде жарылып шыға келеді.

Соңғы жылдары апаттан көз ашпаған 1-ші жылу орталығын өз көзімен көруге бүгін вице-премьер Қырымбек Көшербаев та келді. Сонау 1931-ші жылдан күрделі жөндеу көрмеген нысан қазірде біраз қалыпқа келтірілген. Жаңа қазандықтар да орнатылды. Бірақ жылу тасымалдайтын құбырлар әлі күнге толыққанды жаңартылмаған. Бұл жұмыстарды Үкімет басшысының орынбасары 2013-15-ші жылдарға қалдырып отыр. Өйткені Семей қаласын дамытуға арналған кешенді бағдарлама қабылданады екен. Демек биылғы қыста да көне құбырлардың жыртығын жамап тұрудан басқа амал жоқ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін