Семейдің сол жағалауы биыл да жылумен толық қамтылмауы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейдің сол жағалауы биыл да жылумен толық қамтылмауы мүмкін

Семейдің сол жағалауы биыл да жылумен толық қамтылмауы мүмкін

Семейде Ертіс өзенінің сол жағалауындағы жұрт биыл да жылумен толық қамтылмайтын түрі бар. Мұны қала әкімі де мойындады. Шаһар басшылығы енді Үкіметтен қаржылай көмек сұрап отыр.

  • 2 Қараша 2012
  • 342
Фото - Caravan.kz


Айбек Кәрімов, Семей қаласының әкімі:

— Бүгінде тек сол жағалаудың өзінде жылу желілерін алмастыру үшін 500 млн теңге керек. Құбырлардың көбі тозып кеткен. Аз ғана қысым берілгенде жарылып шыға келеді.

Соңғы жылдары апаттан көз ашпаған 1-ші жылу орталығын өз көзімен көруге бүгін вице-премьер Қырымбек Көшербаев та келді. Сонау 1931-ші жылдан күрделі жөндеу көрмеген нысан қазірде біраз қалыпқа келтірілген. Жаңа қазандықтар да орнатылды. Бірақ жылу тасымалдайтын құбырлар әлі күнге толыққанды жаңартылмаған. Бұл жұмыстарды Үкімет басшысының орынбасары 2013-15-ші жылдарға қалдырып отыр. Өйткені Семей қаласын дамытуға арналған кешенді бағдарлама қабылданады екен. Демек биылғы қыста да көне құбырлардың жыртығын жамап тұрудан басқа амал жоқ.

Соңғы жаңалықтар