Н.Омаровтың айтуынша, қаладағы жылу көздері көптен бері күрделі жөндеуді талап етуде. Алайда жаңа жылу электр орталығын салу үшін кем дегенде 10 млрд. теңге қажет. «Бұл әрине, қыруар шығын. Оның үстіне қаланың оңтүстік жағалауын жаппай қазып тастауға тура келеді»,- деді ол. Қала үшін ең тиімді жолы — барлық 47 бу қазандықтарын 5-6 энергетикалық аудандарға біріктіру болып табылады,- деп санайды әкім. Бұл мақсатқа шашамен 80-90 млн. теңге қажет.
Н.Омаровтың айтуынша, аталмыш жобаны жүзеге асыруға қол ұшын беретін Қазақ «Энергетика өнеркәсібі» ҒЗИ-ның мамандары Семейге осы мақсатпен қаңтар айында келгелі отыр.