Комиссия төрағасы Ду Қорғанбаевтың айтуынша, бұл жолы 46 мың штрих-код жеткізілді. Алғашқылардың бірі болып Семей геодезия және картография колледжінің ұжымы сайлаушының жеке шартбелгіге ие болды. 1-маусымда көші-қон полициясы қызметкерлерінің қатысуымен колледждің 177 сайлаушысына штрих-код берілді.
Семей геодезия және картография колледжінің директоры Сергей Левашовтың айтуынша, маусым айының басында оқу орнының түлектері өндірістік тәжірибеден өту үшін республика қалаларына жол тартады. Сол себепті әкімшілік алғашқылардың қатарында соларға штрих-код тапсыруды жөн деп тапты.