Семейге жұмыс сапарымен ҚР вице-премьері Әсет Исекешев келді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейге жұмыс сапарымен ҚР вице-премьері Әсет Исекешев келді

Семейге жұмыс сапарымен ҚР вице-премьері Әсет Исекешев келді

ҚР Премьер-министрінің орынбасары - индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына келді.

  • 10 Маусым 2011
  • 381
Фото - Caravan.kz

Қазіргі сәтте Әсет Исекешев «Жылукоммунэнерго» МКК ЖЭО-1 нысанында жұмыстың мән-жайымен жете танысып жатыр.

Жұмыс сапарының бағдарламасы бойынша Үкімет басшысының орынбасары Семей былғары кәсіпорны мен «Шығыс сусындары» өндірісімен таныс болады. Содан кейін мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясындағы Семей және Курчатов қалаларында ашылған кәсіпорындармен және жобалар көрмесімен танысу жоспарланған.

Кешке үкіметтік делегация Өскемен қаласына басын бұрып, «Шығыс машзауыт» және «Конденсатор зауыты» кәсіпорындарында болады деп күтіліп отыр. Облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 11 маусым күні Әсет Исекешевтің қатысуымен екі ірі экономикалық іс-шара, атап айтқанда облыстағы жаңа инновациялық жобаларды таныстыра отырып аймақтағы кәсіпорындарды дамыту жөніндегі кеңес және ҮИИД бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі республикалық үйлестіру кеңесінің отырысы өтеді.

Соңғы жаңалықтар