Семейлік әйел қолындағы баласымен бірге 12-қабаттан құлап кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейлік әйел қолындағы баласымен бірге 12-қабаттан құлап кетті

Семейлік әйел қолындағы баласымен бірге 12-қабаттан құлап кетті

Оқиғаның нақты қалай болғаны әзірге беймәлім. Полицейлер тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

  • 2 Қазан 2018
  • 11
Фото - Caravan.kz

Семейде қолына бала ұстаған әйел 12 қабатты үйден құлап кетті. 

Куәгерлер айтуынша, оқиға кеше болған. Ана мен бала оқиға орнында көз жұмды.

Облыстық Ішкі істер департаменті ақпаратты растады. Бірақ оқиғаның нақты қалай болғаны әзірге беймәлім, деп жазды altaynews.kz.

"Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Оқиғаның себебін айтуға әлі ерте ", – дейді ІІД баспасөз қызметі. 

Естеріңізге сала кетейік, Астана тұрғыны оныншы қабаттың балконынан құлап кеткен баланы қағып алған болатын. 

Үйде жалғыз қалған 6 жастағы бала сырт киімдерін киіп, балкон арқылы далаға шығуға бел буады.  Жасөспірім, тіпті, москит торын  пышақпен кесіп, алып тастаған. Балконнан асып, төмен қарағанда қорқып кетсе керек, "көмектесіңдер" деп айқайлапты. Сол сәтте 9-қабатта тұратын Артем Караев  балконға шығып, қабырғаға ілініп тұрған баланы көреді.

"Бала шамамен 15 секундтай ілініп тұрды да,  үш метрдей  төмен қарай құлады. Мен уақытылы қағып алып үлгердім.  Өз балконыма кіргіздім. Аз әңгімелестік те,  бірге далаға шықтық.  Сөйтіп  аман-есен анасының қолына тапсырдым", — дейді Астана тұрғыны Артем Карев. 


 

Соңғы жаңалықтар