Семейлік ата-ана қытай дәрігерлерін сотқа бермек - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейлік ата-ана қытай дәрігерлерін сотқа бермек

Семейлік ата-ана қытай дәрігерлерін сотқа бермек

Семейлік ата-ана қытай дәрігерлерін сотқа бермек. Церебралды параличпен туған бүлдіршіндерін Үрімшіге апарып емдеткенде, сондағы аурухана қызметкерлері науқас сәбидің сау аяғын сындырып қойыпты. Шырқырап жылап жатқан балаға қытайлық дәрігерлер алғашқы көмек көрсетуге де жарамаған. Енді елге әзер оралған отбасы құзырлы органдардың көмегімен қытайлық дәрігерлердің сазайын тартқызуды көздеп отыр.

  • 8 Маусым 2011
  • 394
Фото - Caravan.kz

Бес жасар Аянаның Қытайдағы клиникалардың бірінде емделіп жатқаны бейнекөрініске түсірілген. Бірақ емі аяқталмастан, бір аптадан кейін қызының Семейдің ауруханасындағы төсекке таңылатынын анасы әсте ойламаса керек. Үрімші клиникасындағы гимнастикадан жаттығу жасау кезінде дәрігерлер қыздың сан сүйегін сындырып алған. Тіптіолардың ботадай боздаған балаға алғашқы көмек беруге де шамалары келмепті.

Эльмира Тұраисова,анасы:

Бала жылағанда олар ештеңе істеген жоқ, ешқандай көмек берген жоқ. Баланың сан сүйегі сынған. Рентгенге екі сағаттан кейін ғана түсірді. Басқа емделіп жатқан ата-аналар бізге аналгин мен димедрол әкеп береді. Соны салып, бірінші рейспен Алматыға ұшып кеттік.

Үрімшіден жеткенше үш тәулік өте шыққан. Алматыға қыз ауыр халде жеткізіліпті. Қазақстандық дәрігерлер қытайлық әріптестерінің алғашқы көмек беруге жарамағанына бас шайқап, таңдай қағып отыр.  


Айгүл Құрманғазина
,дәрігер –травматолог:

Қытай мемлекетіне барып емделген, сол жерде ем алып жатқан кезде бала құлап қалып, жарақат алған. Анасының айтуынша, ол жерде дер кезінде көмек көрсетілмеген. Сөйтіп, Қазақстанға, Алматыға ұшып келеді, Алматыдан Семейге келеді.  

Аянаның денсаулығы қазір оңалып келеді. Артық қыламыз деп, тыртық қылған қытайлық дәрігерлер Тұрайысовтардың миллион 200 мың теңгесін қағып алыпты. Тек,абайсызда қыздың аяғын сындырып алғандары үшін барлық медициналық қызмет түрлеріне «жеңілдік береміз»деген. Бірақ Аянаның ата-анасы бүгін еліміздің Сыртқы істер министрлігіне қытайлық дәрігерлерді жауапқа тартуға көмектесулерін сұрап, хат жолдады. 

Соңғы жаңалықтар