Семейлік азамат Новосибирскіде танымал қазақстандықтардың суретімен оқушыларға арналған дәптер шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+6 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейлік азамат  Новосибирскіде танымал қазақстандықтардың суретімен оқушыларға арналған дәптер шығарды

Семейлік азамат Новосибирскіде танымал қазақстандықтардың суретімен оқушыларға арналған дәптер шығарды

СЕМЕЙ. 1желтоқсан . Kazakhstan Today. Қазіргі кезде Новосибирскіде тұрып жатқан семейлік зейнеткер Қуанышбек Төлеуханов танымал қазақ азаматтарының суреттері салынған дәптер шығару кәсібін жолға қойыпты. Бұл жөнінде Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі хабарлады.

  • 1 Желтоқсан 2006
  • 497
Фото - Caravan.kz

Жаңа дәптерлердің мұқабаларында қазақ хандарының, батырларының, ақын, жазушылардың, қоғам қайраткерлері мен музыканттардың ,танымал өнер адамдарының және ғарышкерлердің суреттері салынған.

Семейдің Абай ауданында туып өскен кәсіби полиграфистің айтуынша, соңғы жылдары дәптер мұқабаларын шетелдік жұлдыздар, хайуанаттар мен жарнама қаптай бастаған соң, осындай ой келген. «Біз өзіміздің батырларымызды дәріптейтін дәптер шығара аламыз ғой. Дәптер мұқабалары арқылы балалар қазақ батырларын танып, біліп жүреді, ең бастысы бұл оқушылардың патриоттық сезімін оятып, отанына деген сүйіспеншілігін арттырады»,- дейді Қ. Төлеуханов.

Дәптердің алғашқы нұсқаларын дайындаған зейнеткердің бастамасын қазақстандық кәсіпкерлердің бірі қолдапты. «Дәптерлерді біз Новосибирскіде шығаруды ұйғардық. Қазірдің өзінде жиырма түрлі суретпен 20 мың дәптер жарыққа шықты. Он мың данасын семейлік мектептерге таратып бердік, қалғанын Астанаға жеткізуді жоспарлап отырмыз»,- дейді зейнеткер.

Болашақта семейлік зейнеткер тағы 100 мың дана дәптер шығаруды жоспарлап отыр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта