Семейлік Бибі әже бір ғасыр ғұмыр кешті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейлік Бибі әже бір ғасыр ғұмыр кешті

Семейлік Бибі әже бір ғасыр ғұмыр кешті

Бүгін, 10-наурызда Семейлік Бибі Ақынжанова бір ғасырлық мерейтойын атап өтуде,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 10 Наурыз 2004
  • 580
Фото - Caravan.kz

Б.Ақынжанованың айтуынша, бар ғұмырын еңбекке арнаған кейуана фермадағы есепшіліктен бастап аудандық соттың мәслихатшысына дейін көтерілді. Бибі әже Семей өңірінің Чарск қаласында туған. 1969-жылы Семейге қоныс аударды. Жұбайы соғыста мерт болған ана үш баласын өзі тәрбиелеп, өсіріп-өндірді . Қазір бақытқа кенелген Бибі әженің төрт немересі, 7 шөбересі бар. «Ұрпақ-жұрағатымды басты байлығым деп білемін»,- дейді кейуана. Ұзақ ғұмырының құпиясы туралы ол ешкімге тіс жармайды.

Бүгін Семей әкімі Нұрлан Омаров Б.Ақынжанованы 100 жылдық мерейтойымен құттықтады. Ол бір ғасыр ғұмыр кешкен анаға қазақы камзол мен жеміс-жидек, кәмпиттерден сый-сыяпат ұсынды.

Соңғы жаңалықтар