Семейлік депутаттар мал терісін ел аумағынан тысқары жерлерде сатуға квота белгілеумен бірге оған салынатын баж салығының мөлшерін арттыруды ұсынады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейлік депутаттар мал терісін ел аумағынан тысқары жерлерде сатуға квота белгілеумен бірге оған салынатын баж салығының мөлшерін арттыруды ұсынады

Семейлік депутаттар мал терісін ел аумағынан тысқары жерлерде сатуға квота белгілеумен бірге оған салынатын баж салығының мөлшерін арттыруды ұсынады

Семейлік депутаттар мал терісін ел аумағынан тысқары жерлерде сатуға квота белгілеумен бірге оған салынатын баж салығының мөлшерін арттыруды ұсынады. Қалалық мәслихаттың кезектен тыс отырысында депутаттар осы жөніндегі ұсыныспен ҚР ауылшаруашылығы министрлігі, кеден және салық комитеттеріне шығу туралы шешім қабылдады.

  • 25 Қараша 2003
  • 509
Фото - Caravan.kz

Қалалық мәслихаттың кезектен тыс отырысында талқыланған басты тақырып — ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеумен айналысатын Семейлік кәсіпорындарда қалыптасқан ахуал болды.

«Тері комбинаты» ААҚ-ның президенті Жұмағазы Рахымғалиевтің айтуынша, ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеумен айналысатын Семейдегі 8 кәсіпорын бірдей шикізат тапшылығына душар болып отыр. Кәсіпорын басшыларының пікірінше, мұндай жағдайға өнімнің басым бөлігінің қала және облыс аумағынан тысқары шығарылып сатылуы әсер етуде. Облыста қазір 680 бас ірі қара, 1200 бас ұсақ мал саналған. Жыл сайын сойылатын мал саны осындағы кәсіпорындардың сұранысын толық қамтамасыз етуі тиіс. Алайда, 2002-жылдың желтоқсан айынан бері ірі қара мал терісінің 74 проценті мен ұсақ мал терісінің 83 проценті сыртқа шығарылған,- деді Ж.Рахымғалиев.
Ол сондай-ақ, тері қабылдайтын бөлімшелер де жұмысқа біршама кедергі келтіріп отырғанын атап көрсетті. Қазір қала бойынша осындай 12 бөлімше тіркелген. ААҚ президентінің пайымдауынша, мұндай жағдай салықты толық көлемде төлеуден жалтарып қалуға мүмкіндік береді.
Өнім өңдеуші кәсіпорындардағы жағдайды оңалту үшін депутаттар сондай-ақ, қала әкіміне арнайы жұмыс тобын құрып, ауылшаруашылығы өнімдерін қабылдау пункттерінің санитарлық талаптарды орындау және салықтарды дер кезінде төлеу жағдайына тексеру жүргізуді ұсынды.
Сондай-ақ, депутаттар облыстағы шикізат базасының жағдайына қатысты мәселені облыстық мәслихаттың қарауына ұсынбақ ниетте. Олар тері және былғары өнімдерін өңделмеген күйде қаладан шығаруға 3 ай мерзіммен тыйым салуға қол жеткізуді көздеп отыр.

Соңғы жаңалықтар