Оның айтуынша, жаңа тазарту қондырғылары кешенінің құрылысы Семейде 1989-жылы басталған. Алайда, қаржы тапшылығына байланысты құрылыс жұмыстары 1994-жылы доғарылды. 2002-жылы республикалық бюджеттен бөлінген қаржымен нысан құрылысы қайтадан жанданды. Нысанның бірінші кезегінің құрылысын салуға 500 млн. теңге бөлінді.
Құрылыс жұмыстарының бас мердігері болып табылатын Ертіс су электр станциясы құрылысы ЖШС-нің техникалық директоры Владимир Стопычевтың айтуынша, тендер жеңімпазы жаз ортасында ғана айқындалғандықтан, бөлінген қаржы кешігіп игеріле бастады. Жарты жыл өтті, ал желтоқсан айына дейін бұл қаржыны игеру қажет болатын. «Адамдар, тетіктер мен материалдық ресурстарды шоғырландыруда қиындықтар туындады»,- дейді ол.
Биыл бұл жағдай қайтадан қайталанып, нысан құрылысының екінші кезегін салуға арналған 536 млн. теңгені игеру тағы да кешігіп отыр. В.Стопычевтың айтуынша, жобалаушылардың терістігінен техникалық құжаттардың толыққанды дайындалмауы бұған басты себеп. Ал оларсыз жұмысқа кірісу мүмкін емес.
В.Тюриннің айтуынша, тазарту кешені құрылысының қазіргі салыну қарқынына қарағанда кесте жүзеге аспайтын сыңайлы. Қазір мұнда бомбадан паналу орны мен флораторлық станция құрылысы ғана жүргізіліп жатыр. Ал басқа нысандардаы жұмыстар мүлдем қолға алынған жоқ. «Бөлінген қаржы игерілмей қала ма деген қауіп бар. Өйткені, қазір тамыздың ортасы. Ал негізгі жұмыстар жазда жүзеге асырылуы тиіс. Жаңбыр мен суық басталғанда құрылыс жұмыстарын жалғастыру мүмкін болмай қалуы мүмкін»,-дейді ол.
Ал Ертістегі, сондай-ақ, су бассейні бойынша көршілес аймақтардағы экологиялық ахуалдың қолайлылығы осынау тазартқыш нысандардың қалыпты жұмыс істеуіне тікелей байланысты, деді В.Тюрин. Ертіс-трансшекаралық өзен. Оның бойында Курчатов, Павлодар және Ресей Федерациясы орналасып, ашық су қоймасының суын пайдалануда. Қазіргі жағдаймен бізде тиімді жұмыс істей алмайтын табиғи тазарту жүйесі ғана бар, дейді ол.
Жаңа су тазарту жүйесі тәулігіне 150 текше метр су өңдеуге мүмкіндік береді. Ал қазіргі қуат 94 текше метрге тең. Үш кезекпен салынатын жалпы жоба құны 1,5 млрд. теңге. Бас мердігер нысанды 2005-жылы пайдалануға беруі тиіс.