Семейлік келіншек маса шағып, артынша екпе алған соң қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейлік келіншек маса шағып, артынша екпе алған соң қайтыс болды

Семейлік келіншек маса шағып, артынша екпе алған соң қайтыс болды

Маса шағып алып, беті ісіп кеткен 28 жастағы Мақпал Еспенбетова Астанадағы ауруханада қайтыс болған еді.

  • 4 Қыркүйек 2018
  • 54
Фото - Caravan.kz

Марқұмның күйеуі оқиғаның қалай болғанын айтып берді, деп хабарлайды КТК арнасы.

Мақпал Еспенбетова маса шаққаннан кейін беті ісіп кеткендіктен, ауруханаға күйеуімен бірге келген. Алайда күйеуі оны көлікте күткен екен.

«Ол ауруханаға өз аяғымен барды. Дені сау еді. тіпті медициналық сараптама барлығ ағзасы тірі болғанын көрсетті. Мен сол күні-ақ алматылық АІІБ-ге барып, дәрігерлердің салғырттығына шағым түсірдім. Менің ойымша, дәрігрелер немесе қабылдау бөлімінде отырған қызметкер абайсызда басқа дәріні салып жіберген», – дейді марқұмның күйеуі Роллан Еспенбетов.

Туыстарының сөзінше, марқұм аллергиядан зардап шеккен және бұл туралы дәрігерлерге ескерту керектігін білген. Еспенбетованың туыстарының пікірінше, ол аллергияға қарсы «Преднизолон» дәрісін салдыруға қарсы болған. Дәлел ретінде олар толтырылмаған бланкті көрсетіп отыр. Онда пациенттің жазбаша келісімі болуы тиіс. Ал Еспенбетоваға дәрі салғаннан кейін оның шок алғанын дәрігерлер де растаған.

28 жастағы келіншектің өліміне дәрі себеп болған, болмағанын сарапшылар анықтайтын болады. Аталған іске денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов та қосылып, өз бақылауына алған.


Марқұмның артында екі кішкентай баласы қалды.

Соңғы жаңалықтар