Семейлік өнертапқыштың сотқа берген ісінен 3 жыл өтсе де нәтиже жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейлік өнертапқыштың сотқа берген ісінен 3 жыл өтсе де нәтиже жоқ

Семейлік өнертапқыштың сотқа берген ісінен 3 жыл өтсе де нәтиже жоқ

Авторлық құқық қорғалуы тиіс. Пластмасса бөтелкені қарапайым гантельге айналдырудың әдісін ойлап тапқан семейлік өнертапқыш Марат Сасанов  идеямды рұқсатсыз пайдалануда  деген айыппен Алматыдағы  шырын зауыттарының бірін сотқа берген. Алайда арада 3 жыл өтсе де, іс нәтижелі болмай келеді.

  • 5 Шiлде 2011
  • 485
Фото - Caravan.kz

Гантель пішіндес бөтелкені семейлік өнертапқыш Марат Сасанов осыдан 8 жыл бұрын ойлап тапқан. “Босаған шырын бөтелкесіне толтырып топырақ құйсаң болғаны, спорттық құралға айналады. Ең бастысы- балалар үшін таптырмас арзан ойыншық” — дейді автор

Десе де, бұндай идея тек Мараттың ғана ойына келмеген сыңайлы. Өйткені 2005 жылдан бастап  Қазақстандағы шырын өндіруші компаниялардың бірі де дәл осындай құтыда өз өнімдерін шығара бастаған. Сондықтан гантель бөтелкенің тартысы үш жылдан бері сот залында жалғасып жатыр. Бірақ “басталды” деген аты болмаса, осымен үшінші мәрте кейінге шегеріліп отыр. 

— Біздің заңгеріміздің сырқаттанып қалуына байланысты соттан тағы шегерім уақытын сұраймыз.

 Осылай деген компания өкілі тағы екі аптаға уақыт сұрады. Өйткені гантель бөтелкесіне таласы бар болғанымен, уәжін айғақтайтын бірде-бір заңды құжаттары жоқ көрінеді. Ал Мараттың қолында мөр басылған құжат та, сызба да тұр.


Марат Сасанов, патент иесі:

— Бұл идеяның заңды авторы ретінде 2003 жылы патенттік құжатқа ие болдым. Бірақ мына компания менің келісімімсіз идеямды іске асырып келген. Енді сотқа жауап беруге уақтылы келмейді. Бірде анау, бірде мынау болып қалды дейді. Тіпті өзіммен ортақ келісімге келуден де бас тартты.   

Алғашында Марат компаниямен сотсыз-ақ өзара келісімге келуге ұсыныс білдіріпті. Бірақ оны елеген ешкім болмаған. Сондықтан сотқа шағым түсіріп, авторлық құқығын бұзған тараптан 50 мың АҚШ доллары көлемінде өтемақы талап етуде. Келесі сот тыңдалымы 14 шілдеге белгіленді.  

Соңғы жаңалықтар