Семейлік оқушы қыз Қырымда балалар арасында өткен Жаңа толқын байқауының лауреаты атанып, Крутойдың орталығымен келісімшартқа қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейлік оқушы қыз Қырымда балалар арасында өткен Жаңа толқын байқауының лауреаты атанып, Крутойдың орталығымен келісімшартқа қол қойды

Семейлік оқушы қыз Қырымда балалар арасында өткен Жаңа толқын байқауының лауреаты атанып, Крутойдың орталығымен келісімшартқа қол қойды

11жасар семейлік Ванесса БезроднаяҚырымда өткен «Балалардың жаңа толқыны - 2011» халықаралық байқауының лауреаты атанды, деп хабарлайды бейсенбі күні «Время»газеті.

  • 1 Қыркүйек 2011
  • 490
Фото - Caravan.kz

Басылымның ақпаратынша, жас әнші Игорь Крутойдың продюссерлік орталығымен келісімшартқа қол қойып, $1000 тұратын кәсіби микрофонға ие болды.

Еске сала кетейік, қатаң іріктеуден кейін шығармашылық псевдонимі Ванесса Мария болып табылатын жас орындаушы Қырымдағы конкурста бағын сынаған Қазақстанның жалғыз өкілі болды. Семейлік оқушы Артектің алып сахнасында жеті мың көрерменнің алдында алғаш рет өнер көрсетті. «Ол әлемнің түрлі елдерінен келген үздік вокалистермен сайысқа түсті. Бірақ Ванесса жеңімпаздар үштігіне кірмесе де, олардың арасынан да ерекше көріне білді», — делінген ақпаратта.

Ванесса «Балалардың жаңа толқыны» байқауына келесі жылы да барады. Бірақ ол жолы құрметті қонақ ретінде қатысады. Ол әйгілі жұлдызбен бір дуэтте ән орындайды, делінген ақпаратта.

Ал байқауда Андраник Алексанян (Украина), Ивайло Филиппов (Болгария), Никита Лучко (Украина) атанды.

Перейти к новостям спорта