Семейлік қарттар моладан мәңгілік орын болар ұлтарақтай жер таба алмай жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейлік  қарттар моладан мәңгілік орын болар ұлтарақтай жер таба алмай жүр

Семейлік қарттар моладан мәңгілік орын болар ұлтарақтай жер таба алмай жүр

Семейлік ардагерлер бүгін қалалық зираттың басына келіп шу шығарды. Қаладағы үлкен зират былтыр жабылып, орнына жаңасы ашылған екен. Бірақ ол орманның ішінде, қашық әрі лас жерде орналасқан. Осы жағдай Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің ашуын келтірді. Қариялар: «Ескі зиратта әлі де орын бар, бірақ оны байларға үлестіріп беруде» -дейді.

  • 21 Маусым 2011
  • 519
Фото - Caravan.kz

Айдың күннің аманында «жерленетін жерім қайда?» деп кемсеңдеген қарияны көрмегелі қашан…  Білмейтіндер «біссімілләсін» айтып, бейіт басына базыналарын айтуға келген ақсақалдарды айыптары кәдік. Бірақ майданда қан, тылда толарсақтан саз кешкен жандар көз жұмғанда «көмусіз қаламыз ба?» деп қауіптенеді. Ел аман, жұрт тынышта ел кезген қарттардың моладан мәңгілік орын болар ұлтарақтай жер қарастырып жүргендеріне жарты жылдың жүзі болған.

Қазір Семейде мүрдені мүлтіксіз қабылдайтын екі мола бар. Қаланың қос қапталында. Соның бірін былтыр бекітіп, жаңасын ашқан екен. Өйткені ескі зират әуелгіде 17 гектар жерге жоспарланғанымен, қаза көбейді ме, қапылыста 70 гектар жерге бір-ақ жайғасқан. Жабылғаны да содан. Ал жаңасы алыста, лас жері мен қолқаны қабатын қапырығы тағы бар. Бірақ қарағайлы мекендегі ескі зираттан еншісін іздегендер болса,айыппұл төлейді депті шенеуніктер. Ақсақалдардың айтуынша, сол қатаң бақылаудағы аймақта әлі күнге жерлеу рәсімдері өтіп жатады.

Шалдардың шамына тигені де осы. Зейнетақысы шайлығына шала жететін ақсақалдар енді жерленер жерге жырып берер «көк тиынымыз жоқ»деп кесіп айтты. Бай-бағлан барып жатар ескі зиратқа батырлардың баласы кеп зиярат еткенін қалайды.


Жауапты “Ритуал Сервис” компаниясы  тілшілермен тілдеспеді. Бірақ кеудесіне орден таққан ардагерлерге «ескі зираттан орын беріп қалармыз»деп бір түйді. 

Соңғы жаңалықтар