Сүңгуірлердің айтуынша, сәрсенбі күні таңертең екі ер адам резеңке қайықпен Ертісте Гранитный ауылының маңында балық аулап жүрген. «белгісіз себеппен олардың қайығы аударылып кетіп, балықшылар суға құлаған. 48 жастағы ер адам бірден судың бетіне шықса, 65 жастағы қарт балықшы суға батып кетті. Оның мәйіті әлі іздестіріліп жатыр»,- дейді станциядағылар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті