Семейлік талапкерлердің 20,5 проценті 40 баллдық бөгеттен өтпеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейлік талапкерлердің 20,5 проценті 40 баллдық бөгеттен өтпеді

Семейлік талапкерлердің 20,5 проценті 40 баллдық бөгеттен өтпеді

Семейлік талапкерлер арасынан әрбір бесінші бала кешенді тестілеу шарасынан өтпеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінен хабарлады.

  • 15 Тамыз 2003
  • 764
Фото - Caravan.kz

Университет баспасөз қызметінен хабарлауынша, Семей өңірі бойынша 869 талапкер (14,3%) 71-100 балл, 32 талапкер (0,5%) 101-120 балл жинады. Талапкерлердің 20,5%-і немесе 1248 бала кешенді тестілеуден өтпеді.

Қаржылық мамандықтар бойынша бір орынға таласқан талапкерлер саны қазақ бөлімі бойынша 59,9 , ал орыс бөлімі бойынша 62,2 болды. Бұдан кейінгі орында тәржімашылық мамандығы ( орыс бөлімі бойынша бір орынға 49,5 баладан), информатика (қазақ бөлімі бойынша бір орынға 34,5 баладан), кеден ісі мамандықтары (қазақ бөлімі бойынша 41,3 баладан) тіркелді. Бір орынға қазақ бөлімі бойынша 39,6 баладан таласып тарих және география, бір орынға 32,7 баладан келіп экономика және құқық секілді педагогикалық мамандықтарға талпыныс білдіргендер де мол болды. Ал техникалық мамандықтарға сұраныс өте төмен , атап айтсақ, табиғат қорғау жабдықтары мен машиналары мамандығы бойынша бір орынға 0,8, төменгі температуралық физика және техника мамандығы бойынша 1,6 , тері илеу технологиясы мамандығы бойынша 1,3 , орман инженерлік ісі мамандығы бойынша бір орынға 1,1 баладан келді.
Хабарламада атап көрсетілгеніндей, биылғы жылы Семей өңіріндегі талапкерлер арасында қазақ бөліміне құжат тапсырғандар қатары молайған. Кешенді тестілеу қорытындысы бойынша Семейлік 944 талапкер грант және несиені еншіледі.

Соңғы жаңалықтар