Тәртіп сақшысының ақпаратына сәйкес, есірткі тасушы Шығыс Қазақстан облысының Бобровка ауылындағы бір үйде ұсталды. «Ол келген үйдің құс қорасынан үлкен үш қорап табылып, одан 18 килограмм марихуана шықты»,- деді ақпарат көзі.
29 жастағы жігіт Семей өңірінде туған, бірақ қазір Алматыда тұрады. Оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің «есірткілік заттарды заңсыз дайындау, сатып алу, сақтау, тасымалдау немесе сату жөніндегі» 259-бабы, 4-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті