Семейлік тәртіп сақшылары екі айда 15 ұрлық жасаған тонаушыны ұстады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейлік тәртіп сақшылары екі айда 15 ұрлық жасаған тонаушыны ұстады

Семейлік тәртіп сақшылары екі айда 15 ұрлық жасаған тонаушыны ұстады

Семейлік тәртіп сақшылары екі айда 15 ұрлық жасаған тонаушыны ұстады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Семей қалалық ІІБ-ның Затон полиция бөлімшесінің қылмыстық іздестіру бөлімінің аға уәкілетті өкілі Серік Сағитов хабарлады.

  • 23 Қаңтар 2004
  • 507
Фото - Caravan.kz

С.Сағитовтың айтуынша, ұсталған Семей қаласының 35 жастағы тұрғыны, бұған дейін де ұрлығы үшін сотталған адам болып шыққан. Қылмыскер есік бұзу арқылы пәтер тонауды кәсіпке айналдырғанын мойындады. С.Сағитовтың айтуынша, бұрындары тапсырыспен кілттер жасаумен шұғылданған ол үшін ұрлық жасау анау айтқандай қиындық тудырмаса керек.

Полиция ақпаратына сәйкес, тұтқын көбінесе РСУ және Қызыл Кордон шағын аудандарындағы пәтерлерді тонаумен айналысқан. Ақшаны негізінен есірткі сатып алуға жұмсапты. Қылмыскер ізін жасыру үшін ұрланған дүниелерді қарға көміп тастап, әбден қауіп-қатер сейілген соң қазып алып отырған. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, шағын аудан тұрғындарының ауызша суреттей бейнелеуі нәтижесінде ғана қылмыскерді қолға түсіру мүмкін болыпты.
2003-жылдың қараша айынан бері әлгі еркек 15 ұрлыққа барып, 0,5 млн. теңгенің шығынын келтірген. Қазір тұтқынның үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды.

Соңғы жаңалықтар