Семейлік тұрғындар жайқалған орманның оталуына наразылық танытты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейлік тұрғындар  жайқалған орманның оталуына наразылық танытты

Семейлік тұрғындар жайқалған орманның оталуына наразылық танытты

Орманды отамаңдар! Семей іргесіндегі елді мекеннің тұрғындары қылқан жапырақтыларды кесуге келген тракторлардың жолын жауып тастады. Оқиға орнына жеткен шенеуніктер бұл орманның орнына бүкіл елде жоқ балалар ауруханасын тұрғызамыз деп сендірді. Ызаға булыққан тұрғындарға шенеуніктердің бұл сөзі тоқтау салған жоқ. Халық: «Жасыл желектің тамырынабалта шабуға тырысқандардың жазасын өзіміз береміз» - деп отыр.

  • 14 Маусым 2011
  • 325
Фото - Caravan.kz

Трактор жайқалып тұрған  он шақты ағашты құлатып үлгерді. Орманды әрі қарай жайпап өтуге тұрғындар жол бермеді.

Райгүл Сотанова, Семей қаласының тұрғыны:

— Қылқанды қарағай азайып барады, адамдарға таза ауа керек. Мына жерде туберкулезді аурухана бар, оларға да таза ауа керек. Адамдардың  сұрайтыны: осының бір талын да қимаса екен. Балаларымызға не қалдырамыз? Осы жерімізді, орман, суымызды қалдырамыз ғой!

Ызаға булыққан халық трактор жүргізушілерін жағаларынан алып, орманды отауға жол бермейміздеп отыр.

Алексей Гальцев, Семей қаласының тұрғыны:

Трактор жүргізушілерін кабиналарынан суырып аламыз да, жұмыс істеткізбей қоямыз. Осыдан басқа амал жоқ.

Оқиға орнына дереу жеткен шенеуніктер бұл жерге заманауи қондырғыларға толы балалар ауруханасының тұрғызылатынын айтуда. Жобаның құны 10 млрд теңге. Осынша  қаржыны игеруден бас тартқысы  келмеген  жергілікті билік орманды отауды тоқтапайтындарын білдірді. Ал кесілген орманның орнына дәл сонша ағаш егіледі екен.


Димитрий Гариков
, Семей қаласы әкімінің орынбасары:

Бостанбосқа ақшадан айрылғымыз келмейді. Осындай келеңсіздікке бола, қалада көпсалалы аурухана тұрғызбауымыз керек пе?!

Ал шенеуніктердің сөзіне  халықтың сенгісі жоқ.  

Ася Мищенко, Семей қаласының тұрғыны:

— Көргенбіз бұлардың не тұрғызғанын, әне, тұр ғой сауналары, аурухана дегеніне сенбейміз.   

Қалай дегенменқылқан жапырақты орманды отау жұмысы келесі аптаға дейін тоқтатылды. Шенеуніктер халық игілігіне қажетті  нысан тұрғызып жатқандығын дәлелдеу үшін келесі жолы тиісті құжаттарды ала келетіндігін айтты. 

Соңғы жаңалықтар