Бұл күні Семейдің басты көшелерінде көлік қозалысы тоқтатылған болатын. Шерудің негізгі мақсаты – қыз-келіншектерді тұрмысқа шығуға үгіттеу. Шараға белсене қатысқандардың көбісі тұрмыс құрған келіншектер. Олар шеруде алдыңғы шепте жүрді. Бойдақ қыздар аса белсенділік танытқан жоқ. Қазір оларға отбасы емес, мамандық пен мансап маңыздырақ екендігін айтуда, ал қалыңдық көйлегін қызық үшін киіп шығыпты.
Зарина Төлеуғалиева, шеруге қатысушы:
— Келешекте оқу бітіріп, жақсы жұмыс тапқаннан кейін ғана тұрмысқа шығамын.