Семинар азаматтардың репродукциялық денсаулығы мен құқықтарын қорғауға арналды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семинар азаматтардың репродукциялық денсаулығы мен құқықтарын қорғауға арналды

Семинар азаматтардың репродукциялық денсаулығы мен құқықтарын қорғауға арналды

Бүгін Парламент Мәжілісінде ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия БҰҰ Халықтың қоныстануы мен даму саласындағы қорының қолдауымен «Халықтың қоныстануы мен дамуы жөніндегі халықаралық конференцияның іс-әрекеттер Бағдарламасын орындау тұрғысында азаматтардың репродукциялық денсаулығы мен құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету саласындағы Қазақстан Республикасының Заңнамасы» деген тақырыпта семинар өткізді.

  • 29 Қазан 2012
  • 313
Фото - Caravan.kz

Шараға Палатаның Әлеуметтік-Мәдени даму комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева мен ЮНФПА атқарушы директоры, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Бабатунде Осотимехин мырза қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Шара барысында Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде азаматтардың репродукциялық денсаулығы мен репродукциялық құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету шарттары талқыланып, осы бағыттағы заңнама негіздемелерінің ТМД елдеріне арналған жобасына шолулар жасалды. Қазақстандағы жасөспірімдердің сексуалдық және репродукциялық денсаулығын қорғау саласындағы қанағаттандырылмаған мұқтаждықтары, сондай ақ әлеуметтік зерттеудің нәтижелері қаралды.

Басқосудың негізгі мақсаты — халықтың қоныстануы мен дамуы жөніндегі Халықаралық конференцияның іс-әрекеттер Бағдарламасын Қазақстанда іске асыру мәселесіне депутаттарды тарту болатын.

Семинарға қатысушылар Ресей Федерациясындағы, Литва Республикасындағы және Корея Республикасындағы, халықтың сексуалдық және репродукциялық денсаулығын қорғау мен азаматтардың репродукциялық құқықтарын сақтауға қатысты заңнамалық шарттарын қамтамасыз ету ісіндегі заң шығармашылығы тәжірибесімен танысты.

Соңғы жаңалықтар