Эмма бала кезінен салмақ қоса бастаған. Ол өзінің ең жақын досынан айырылғаннан кейін, қайғысын ұмыту үшін тәтті тоқаштарды, гамбургерлерді және т.б. жей берген. Эммаға семіздікке шалдыққан деген диагноз қойылған. Сол кезде оның салмағы 190 келі болған. Онда 40 жасқа дейін өмір сүре алмаймын ба деген қорқыныш та болған. Сол кезде ол өздігінен қарапайым әдіспен небәрі 2 жылда 130 келіге арықтау туралы шешім қабылдаған. Дәрігерлердің оған ота жаса деп кеңес бергеніне қарамастан, ол диетологтар мен фитнес-инструкторлардан көмек сұраған.
Эмма өз дегеніне жетті. Екі жылдың ішінде ол 32 киім өлшемін 8-ге ауыстырған, 180 келіден 56 келіге дейін арықтады.

«Мен ұзақ жылдар бойы өз салмағымның қанша екенін ойлаудан қорқып, оны өлшемейтінмін. Салмағымды өлшеп, өзімнің 180 келі екенімді естігенде, өзімді жек көріп кеттім. Өзімді қолға алу керек екенін білдім. Бұл менің проблемам болды. Және оны мен өзім жасадым. Сондықтан да оны өзім шешу керек болдым. Ота жасатқым келмеді. Бұл қиындықты өзім шешемін деген шешімге келдім», — дейді Эмма.
