"Сен мақта бассың": Роза коуч жұмыс істемейтін әйелдерге ұрысып тастады - kaz.caravan.kz
  • $ 519.55
  • 596.03
+31 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Сен мақта бассың": Роза коуч жұмыс істемейтін әйелдерге ұрысып тастады

"Сен мақта бассың": Роза коуч жұмыс істемейтін әйелдерге ұрысып тастады

Әйгілі коуч әрі блогер Роза Әшірбаева жұмыс жасамайтын әйелдерді қатаң сынға алды.

  • 14 Ақпан
  • 36
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Мен күйеуге тиіп, ешқашан жұмыс істемеймін дейтін әйелдерді түсінбеймін. Сен мақтабассың! Қазіргі кезде дағдарыс орталықтарында жүрген әйелдердің көпшілігі жұмыс істемейді. Ол не үшін дағдарыс орталығында? Өйткені, оның күйеуі оны үйден қуып жіберген кезде оны бала-шағасымен ешбір туысқаны, досы ешкім оны қабылдаған жоқ. Ешкім қабылдаған жоқ, қабылдамайды да. Сен өзіңді өзің асырай алмайсың. Осы 3 нәрсе әйелден ешқашан бас тартпайды. 3 нәрсені сені үйден қуып шықпайды. 3 нәрсе көзіңе шөп салмайды. Ол сенің өзіңнің пәтерің, сенің ақшаң және сенің жұмысың», — деді коуч.

Желі оқырмандары блогерді қолдап «Еркекке сенгенше екі босағаңа сен деген атам қазақ», «Ешқашан күйеуге сеніп отырмау керек, өмірде түрлі жағдай болады. Біз өсіп тұрған шақта әкеміз өмірден озған, сол сәтте анама қиын болды. Стажы, оқығанның арқасында жұмысқа шығып, отбасың бағып кетті. Өсіп қалған ағам екеумізде қарасып сөйтіп жағдайымыз түзеліп бастаған. Әкем ағам екеумізді оқытып кеткен, ағам еті тірі болатын ең бастысы ақша тапсам дейтін. Сөйтіп бәріміз пысып кеттік, бірақ дым көрмей, дым оқымаған адамдар болсақ жағдайымыз тіптім мүшкіл болар еді. Қыздар оқу керек, әкем оқы, өз дегеніңді жасап үйрен, мінезді, еркін бол деп өсірді. Анамда қолдап, екеуі ерке, еркін, адал болуды үйретіп өсірді. Сол кісілердің еңбегі, тәрбиесі менің басымды биік ұстап отыруым. Сондықтан ата-аналар қыздарынды жасық етіп өсірмендер, әрқашан қолдап еркелетіндер. Сонда жемісің көресіздер», «Дұрыс! Әйел ақша табу керек. Бес минуттан кейін нендей нәрсе болатынына кепілдік жоқ. Кез-келген уақытта өмір сүріп, бала-шағаңа ақша тауып бере алатындай болуы керек әйел. Пособияға, байдың ақшасына қарап, ай сайын соны күтіп отыру — жалқаулық!!! (Бұл сөзім баласы кішкентай келіншектерге қатыссыз.) Өмір бар жерде өлім бар, егер ер адам қайтыс болса, или ажырасып кетсе, болмаса еркек адам жұмысқа жарамай қалса не істейді сонда? Соны ойлау керек!», — деп пікір білдірді.