"Сен, мен үшін бәрінен қымбатсың!": Қайрат Нұртас жан-жарын туған күнімен құттықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Сен, мен үшін бәрінен қымбатсың!": Қайрат Нұртас жан-жарын туған күнімен құттықтады

"Сен, мен үшін бәрінен қымбатсың!": Қайрат Нұртас жан-жарын туған күнімен құттықтады

Бүгін Қайрат Нұртастың жан-жары Жұлдыз Әбдікәрімованың туған күні. 

  • 14 Сәуiр 2020
  • 372
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды. 

Қайрат келіншегін туған күнімен жүрекжарды әдемі тілектермен құтттықтады. 

"Суретте сәукеле киген сүйіктімді сәуірде дүниеге келген күнімен шын жүректен құттықтаймын! Тәп тәтті жаным сол! Маңдайыма жазылған жаным да — ӨЗІҢ, бағыма бұйырған бағым да — ӨЗІҢ! Сен, мен үшін бәрінен қымбатсың! Бәрінен асылсың! Ең керемет отбасымның шырағысың, ұл-қыздарымның шуағысың. Әке-шешемнің супер келінісің, жүрегімнің адал серігісің! Бауырларымның ең жақын жеңгесісің, бір сөзбен айтқанда баға жетпес теңдесізсің! Бүгінгі туған күнің құтты болсын! Мен сені қатты жақсы көремін! Өйткені, құшағым — ұл-қызымдікі, жүрегім — Жұлдызымдікі! Яғни, Сенікі! Бақытты бол менімен,ЖАНЫМ!", деп жазды желідегі парақшасында. 

Әншінің бірер күн бұрын анасы Гүлзира ханымның да туған күні болды. Екі інісмен бірге, анасын құшағына алып, видеа арқылы құттықтаған болатын. Анасы да оқырмандарына әр ана балаларымен бақытты болсын деп ақ тілегін арнады.