Заң жобасын таныстырған ҚР әділет министрінің орынбасары Жақып Асановтың түсініктемесіне сәйкес, енгізілген өзгерістерде сауда ұйымдарының төлем карточкаларымен жасалған төлемді қабылдаудан бас тартқаны үшін жүктейтін әкімшілік жауапкершілік белгіленген. Бұл норманың құзыры 2004-жылдың аяғында үкімет қаулысымен бекітілген тізімдегі ұйымдарға ғана жүреді, деді ол. Мәселен, вице-министрдің айтуынша, тізімге автокөлік саудасымен айналысатын, мейманхана қызметін көрсетуші және басқа да бірқатар ұйымдар енген.
Сонымен бірге заң жобасында жергілікті атқарушы билік мекемелеріне сәулет және қала құрылысы саласындағы әкімшілік істерді қарау құқығын беру қарастырылды.
Заң жобасы екінші оқылымға әзірлеу үшін салалық комитетке жолданды.