Сенат аптадағы отырыстың күн тәртібін бекітті
Бүгін ҚР Парламенті Сенатының Бюро отырысы болып өтті. Онда палатаның биылғы 6 желтоқсанда болатын кезекті отырысының күн тәртібі бекітілді. |
Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметінен хабарланды.
Бекітілген күн тәртібіне орай, алдағы отырыста «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасының Үкіметі арасындағы дипломатиялық өкілдіктердің ғимараттарын салу үшін жер учаскелерін өзара беру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралатын болды. Сондай-ақ заңнамаға терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер енгізуді көздейтін заң жобасы бірінші оқылымда, салық салу, әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобалары екінші оқылымда талқыланатын болады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін