Сенат АҚШ пен ҚР-ның қару түрлерін азайту жөніндегі орталықтары арасында қорғалған байланыс желісін құру туралы Келісімді бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенат АҚШ пен ҚР-ның қару түрлерін азайту жөніндегі орталықтары арасында қорғалған байланыс желісін құру туралы Келісімді бекітті

Сенат АҚШ пен ҚР-ның қару түрлерін азайту жөніндегі орталықтары арасында қорғалған байланыс желісін құру туралы Келісімді бекітті

Бүгін, 6-қарашада Астанада өткен сенаттың жалпы отырысында парламент депутаттары ҚР қорғаныс министрлігінің жанындағы инспекциялық іс-қызметті қамтамасыз ету және қару түрлерін азайтуға бақылау қою жөніндегі орталығы мен АҚШ-тың ядролық қауіп-қатерді азайту жөніндегі орталықтары арасында қорғалған байланыс желісін құру туралы АҚШ-Қазақстан үкіметаралық Келісімін бекітті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 6 Қараша 2003
  • 599
Фото - Caravan.kz

Заң жобасын таныстырған ҚР қорғаныс министрінің орынбасары Абай Тасболатовтың айтуынша, келісім екі ел үкіметтерінің атынан және олардың жіті бақылауы астында қару түрлерін жоятын мерзімі мен орны, жойылуға тиіс зымырандар және оларды іске қосу қондырғылары туралы, сондай-ақ бұдан басқа да ақпаратпен алмасушы ұлттық орталықтар арасында қорғалған үздіксіз байланыс желісін орнату, оны жұмыс жағдайында ұстау және пайдалану тәртіптерін айқындайды.

Вице-министрдің айтуынша, құжаттағы ережелер дүниежүзіндегі бейбітшілік пен қауіпсіздік мүддесіне сәйкеседі, ал келісімді жүзеге асыру — халықаралық келісімдер аясында қару-жарақтарға бақылау қою тиімділігін арттыруға түрткі болады деп атап көрсетті.
Ұлттық орталықтар арасындағы үздіксіз байланыс желісін құру және оған қызмет көрсету шаралары АҚШ жағының есебінен қаржыландырылады.
Заң мемлекет басшысының қол қоюына жіберілді.

Соңғы жаңалықтар