Сенат арнаулы экономикалық аймақ туралы заң жобасына өз түзетулерін енгізіп мәжіліске қайтарды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенат арнаулы экономикалық аймақ туралы заң жобасына өз түзетулерін енгізіп мәжіліске қайтарды

Сенат арнаулы экономикалық аймақ туралы заң жобасына өз түзетулерін енгізіп мәжіліске қайтарды

АСТАНА. 29-наурыз. Kazakhstan Today. Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Арнаулы экономикалық аймақ туралы" заң жобасына өз түзетулерін енгізіп мәжіліске кері қайтарды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 29 Мамыр 2007
  • 322
Фото - Caravan.kz



Бұрын хабарлағанымыздай, заң жобасы арнаулы экономикалық аймақтың құқықтық режимін, сонымен қатар арнаулы экономикалық зонаға қатысушылардың құқықтарына берілетін кепілдіктерді реттейді. Заң жобасының нормаларымен арнаулы экономикалық аймақ құру, оның жұмыс істеуі және тарату тәртібі белгіленеді. Сонымен қатар, заң жобасының нормалары аталмыш заңның күшіне енгенге дейін құрылған арнаулы экономикалық аймақтарына қолданылмайды.

Сондай-ақ, депутаттар «Арнаулы экономикалық зоналар іс-қызметі мәселелері жөніндегі кейбір заңнама актілеріне толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Аталмыш құжат Салық және Жер кодекстеріне түзетулер енгізеді және арнаулы экономикалық аймақтар аумағындағы жер телімдерін пайдаланудың төлемдері мен есептеулер тәртібін реттейді.