Сенаттың халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында атап көрсетілгеніндей, «заң жобасын пысықтау барысында оны заңнамамен сәйкестендіру үшін өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігі туындады».
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «заң жобасына сәйкес әскери ахуал енгізілмес бұрын және оның әсері аясында Қазақстан президентінің нормативтік-құқықтық актілер қабылдау құзыреті күшейтіледі».
Сонымен бірге заң жобасы арқылы «әскери басқару органдары» атты ұғым «ҚР Қарулы күштері және қорғаныс туралы» заңға сәйкестендіріледі.