Жарияланды: 360

Сенат Ауғанстанға бітімгершілер жіберу туралы заң жобасын қабылдамау мәселесі бойынша мәжілістің қолдауына үміттенеді

Парламент сенатының депутаттары «Қазақстан Республикасы мен Солтүстік Атлант шарты ұйымы арасындағы Ауғанстандағы қауіпсіздікке жәрдемдесу халықаралық күштерінің қызметіне қатысу туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын қабылдамау туралы қабылдаған шешімдерін мәжіліспен-әріптестері қолдайды деп үміттенеді.

«Бізді мәжіліс қолдайды деп ойлаймын, өйткені бұл қоғамдық пікір(НАТО-мен ынтымақтастық аясында 4 қазақстандық бітімгершіні аттандырумен келіспеу - ҚазТАГ). Заң бойынша, егер мәжіліс бізді қолдаса, бірлескен отырыс шақыру немесе пікірталас ұйымдастыру қажеттілігі болмайды. Оған дейін бармаймыз деп ойлаймын (парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыруға – ҚазТАГ)», - деп мәлім сенат депутаты Тасбай Симамбаев бейсенбі күні. Еске сала кетейік, пленарлық отырысы барысында сенат аталған заң жобасын қабылдамай, мәжіліске қайтарды. Конституцияның 53 бабының 5 тармағына сәйкес бұл мәселе бойынша шешім парламент палаталарының бірлескен отырысында қабылданады. Жоғарыда айтылғанды ескере отырып, халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті бұл заң жобасын қарамай, мәжіліске кері қайтару туралы ұсыныс енгізді. Депутат Светлана Жалмағамбетованың айтуынша, бұл заң жобасы 22 маусымға жоспарланып отырған бірлескен отырыста қаралуы мүмкін. «Заң жобасы мәжіліске қайтарылды. Мәжіліс оны қарап, бірлескен отырысқа шығарады (келісім мақұлданбаған жағдайда – ҚазТАГ). Мүмкін осы сессияда (заң жобасы қаралуы мүмкін - ҚазТАГ)», - деп нақтылады ол.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін