Caravan Logo

Сенат Азаматтық кодекске енгізілетін өзгертулерді қабылдады

Сенат Азаматтық кодекске енгізілетін өзгертулерді қабылдады

Заң жобасында мемлекеттік меншік нысандарын иеліктен шығарып, оны заңды тұлғалар мен азаматтардың жеке меншігіне беру туралы заңнаманы одан әрі жетілдіру қарастырылған.

Азаматтық кодекстің 249-бабының 3-тармағының қазіргі редакциясында мемлекеттік меншік нысандарын иеліктен шығарып, оны заңды тұлғалар мен азаматтардың жеке меншігіне беруді тек жекешелендіру жөніндегі заңнамалық актілердің аясында жүзеге асыру қарастырылған.

Сөйтіп, жекешелендіру, яғни, мемлекеттік мүлікті сату мемлекеттік мүлікті басқарудың бір түріне жатады. Ал қолданыстағы заңнамалық актілермен, соның ішінде "Жекешелендіру жөніндегі" заңмен мемлекеттік мүлікті заңды тұлғалардың жарғылық капиталын өтеуге беру мүмкіндігі регламенттелмеген.

Осыған байланысты заң жобасымен Азаматтық кодекстің 249-бабының 3-тармағына өзгерістер енгізіп, онда мемлекеттік мүлікті заңды тұлғалардың жарғылық капиталын өтеуге беру және мемлекеттік меншік нысандарын жеке меншіктегі құны бірдей мүлікке ауыстыру секілді мүлікті басқарудың түрлерін қарастыру ұсынылып отыр.