Сенат "Байланыс туралы" заңды мәжілістің қарауына кері қайтарды - kaz.caravan.kz
  • $ 522.42
  • 543.89
-18 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенат  "Байланыс туралы" заңды мәжілістің қарауына кері қайтарды

Сенат "Байланыс туралы" заңды мәжілістің қарауына кері қайтарды

Бүгін, 3-маусымда Астанада өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Байланыс туралы" заңды мәжілістің қарауына кері қайтарды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 3 Маусым 2004
  • 481
Фото - Caravan.kz

Сенат депутаттары бұған дейін мәжілісте мақұлданған заң жобасына 30-дан астам түзету енгізді. Соның ішінде «магистралдық байланыс желісі» деген ұғым нақтыланып, «трафик» ұғымына өзгерістер енгізілді. Уәкілетті органның құзыры байланыс саласында қызмет көрсететін шаруашылық субьектілеріне тексеру жүргізуге рұқсат нормасымен толықты. Сондай-ақ, монополияға қарсы күрес мекемесімен келісу негізінде жалпы тұтынымдағы телекоммуникация желілеріне қосылу мүмкіндіктерінің аясы кеңейтілді.

Бұл заң жобасы Қазақстан Республикасында телекоммуникация рыногын дамытудың 2003-2005-жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру, сондай-ақ, қолданыстағы заңнамаларды нарық экономикасы талаптарына сәйкестендіру және телекоммуникация рыногының дамуына қажетті жағдайларды қамтамасыз ету мақсатымен жасалған.
Палатаның жалпы отырысында аталмыш заң жобасы бойынша баяндама жасаған сенатор Леонид Бурлаковтың түсініктемесіне жүгінсек, заң жобасында республиканың телекоммуникация рыногында бәсекелестікті дамытуға қолайлы жағдайлар жасау, байланыс операторларына алалаушылық жасауды доғару, байланыс қызметін тұтынушылардың әлеуметтік құқығын қорғау қарастырылған.