«Мәселе жабық жағдайда талқыланды. Менің түсінігімше, депутаттар біздің таныстыруымызды қолдамады»,- деді І.Бақтыбаев.
Оның айтуынша, палатаның шешіміне қарсылық білдірілмейді. Бұдан былай З.Батталованы жауапкершілікке тарту туралы мәселе көтерілмейді, деді бас прокурордың бірінші орынбасары.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 8-қазанда Алматыда «Әділетті Қазақстан үшін» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдері Қазақстан-Ұлыбритания техникалық университеті ғимаратының жанында рұқсат етілмеген митинг өткізген. Оған сенат депутаты З.Батталова да қатысты. 28-қазанда Орталық сайлау комиссиясына сенатор Баттлованың рұқсат етілмеген митингіге қатысуына қатысты сенат төрағасы Нұртай Әбіқаевтың қолы қойылған құжаттар келіп түскен. Олармен танысқан Орталық сайлау комиссиясы өз қорытындысын берді. Онда республика парламентінің сенаты депутат Зәуреш Батталованы рұқсат етілмеген митинг ұйымдастырғаны және оған қатысқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартуға келісімін бере алады делінген болатын.